Ұлттық банк Азиада ойындарына арнап 2 000 теңге номиналды банкноттар шығаруда

None
АНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - 17 қаңтардан бастап Ұлттық банк, Қазақстанда өтетін VII қысқы Азия ойындарына арнап 2 000 теңге номиналды ескерткіш банкноттарды айналымға шығарғалы отыр.

Ақша 20 миллион тиражбен шығады. Жаңа банкноттың ескіден айырмашылығы, оның сыртында Азиялық ойындардың символикасы және шаңғышы бейнеленеді.

Жаңа ақшаның суреттемесі бүгін ресми басылымда жарияланады.