«Бұл жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Акционерлер арасында қаржылық тұрақтылықты нығайту мақсатында келіссөздер жүріп жатыр. Акционерлер жұмыс жоспарын ұсынды. Бұл шаралардың барлығы жүзеге асарынан үміттенеміз. Басқа ақпарат бере алмаймын», - деді Ақышев.
Осы сәтте Ұлттық банк басшысының онлайн-конференциясы өтіп жатыр. 12 ақпаннан бері Данияр Ақышевтың атына 300-ден астам сауал жолданған. Қазақстандықтарды банк секторын дамыту, несие мөлшерлемесі, айырбас пункттері мен криптовалюталар, сондай-ақ басқа да мәселелер толғандырып отыр.