«Бұл шешім банктік салымдарды долларсыздандыру қарқынымен, халықтың инфляциялық күтулерінің төмендеуімен сақталып отырған болжамның бағытына сәйкес негізделді. Бұл ретте халықаралық нарықтағы активтердің шетел валютасынан ұлттық валютаға ауысуы процесінің бәсеңдеуімен көрсетілетін белгісіздік өсуі және экономика мен қаржы секторының сыртқы күйзелістерге сезімталдығы базалық мөлшерлемені одан әрі төмендетуге мұқият қарауды талап етеді. Экономикалық ахуал айтарлықтай жақсарған және қаржы нарығындағы ахуалды тұрақтандыру белгілері орнықты болған кезде базалық мөлшерлемені төмендету мүмкін болды», - деп жазылған хабарламада.
18:41, 14 Қараша 2016
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12% деңгейіне дейін төмендетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1% дәлізімен 12% деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметінен.