Ұлттық банк базалық ставканы 9% деңгейде сақтайды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкі базалық ставканы 9,00% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Базалық ставканың пайыздықдәлізі +/- 1 п.т. деңгейіндегі сақталады. Инфляция деңгейі Ұлттық банктіңболжамына сәйкес қалыптасуда. Инфляциялық күту жылдық инфляция деңгейіндеқалыптасты.

«Ұлттық банктіңнақтыланған болжамы бойынша инфляция жыл соңына дейін мақсатты дәліз шегінде оныңжоғары шекарасына жақын қалыптасуын жалғастырады. Әлемдік шикізат нарықтарындатәуекелдер деңгейі артуы және өсіп келе жатқан тұтынушылық сұраныс тарапынанинфляцияны ұлғайтатын қысым күшейген кезде жылдың соңына дейін ақша-кредит талаптарынқатаңдату жоққа шығарылмайды», делінген хабарламада.

Жылдық инфляция 4-6% нысаналы дәліз ішінде сақталуда.Маусымда тұтыну бағаларының 0,2%-ға өсуі кезінде жылдық инфляция 5,4%деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияның өсуіне негізгіүлесін қосуды жалғастыруда, олардың бағасы жылдық көрсету бойынша 8,2%-ға өсті.Бағаның өсуі жекелеген ішкі тауар нарықтарында (ет және ет өнімдері, нан-тоқашөнімдері мен жармалар) ұсыныс факторларының ықпалынан, сондай-ақ әлемдіказық-түлік нарықтарында дәнді дақылдар мен ет өнімдерінің қымбаттауынан болды.

Азық-түлікке жатпайтын инфляция 6,1% деңгейіндесақталды. Ақылы қызметтерге арналған тарифтердің жылдық өсу қарқыны 1,2% еңтөменгі деңгейде қалыптасуын жалғастыруда.

Халықтың инфляциялық күтулері азық-түлік нарықтардағыбағалардың өзгеруіне сезімтал бола тұра, өсті. Күтілетін инфляция нақтыдеңгейде қалыптасып, ағымдағы жылғы мамырдағы 4,7%-бен салыстырғанда маусымда 5,4%-дықұрады.

Ішкі сұраныс факторлары тарапынан инфляцияныұлғайтатын қысым байқалады. Нақты ақшалай табыстардың өсуі қаңтар-мамырда 5,5%-дықұрады. Ішкі сұраныстың кеңеюі әлеуметтік қолдаудың бюджеттік бағдарламаларыкеңеюімен, сондай-ақ қысқа мерзімді тұтынушылық қарыздармен ынталандырылуда. Банктердіңтұтынушылық кредиттері мамырда жылдық көрсеткіште 14,8%-ға өсті.

Экономикалықбелсенділікте оң серпін байқалуда. 2019 жылдың бірінші жартысында Қазақстанэкономикасы 4,1%-ға өсті. Оң инвестициялық белсенділіксақталуда, 2019 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға инвестиция 11,7%-ғаөсті.

Алдыңғы шешіммен салыстырғанда сыртқы сектордағытәуекелдер балансы өзгерді. Жыл басынан бастап Brent маркалы мұнайдың орташабағасы 2018 жыл ішіндегі бір баррелі 72АҚШ долларымен салыстырғанда бір баррелі 66 АҚШ доллар болды. Халықаралықұйымдар әлемдік экономиканың және Қазақстанның негізгі сауда әріптестерініңэкономикасының 2019 жылға арналған өсу болжамын төмендету жағына қайта қарады,бұл Қазақстан экспортына сыртқы сұраныстың төмендеуіне ықпал етеді. АҚШ пенҚытай арасындағы сауда келіссөздері аяқталмады.

Бұл ретте негізгі сауда әріптес елдердегі инфляцияқалыпты деңгейде қалыптасуда (Ресей мен Қытайда маусымда тиісінше 4,7% және2,7%-ды құрады, Еуропалық Одақта мамырда 1,6%-ға дейін төмендеді).

Сыртқы монетарлық жағдайлар біртіндеп жеңілдеуде.Бұған АҚШ ФРЖ-ның ставкалары траекториясының одан әрі төмен болуына қатыстыриторикасы, сондай-ақ ЕОБ-ның экономиканы ынталандырудың қосымша шараларытуралы мәлімдемесі ықпал етті. Ресей Федерациясының Орталық банкі биыл маусым айында жылдың соңына дейін қосымшатөмендету мүмкіндігімен негізгі ставканы 7,5%-ға дейін төмендетті.

Базалық ставканың ағымдағы деңгейі және ақша-кредитталаптары инфляцияның болжамды кезеңде 4-6% нысаналы дәліздің жоғарғы шегідеңгейінде сақталуын қамтамасыз етеді. Инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізуүшін негізгі тәуекелдердің орындалу ықтималдығы артқан кезде Ұлттық банк жылдың соңына дейін базалық ставканыкөтеру мәселесін қарауға дайын.

Базалық ставка бойынша кезекті шешім 2019 жылғы 9қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 17:00-де жарияланады.

Соңғы жаңалықтар