«Меморандумның ережелеріне сәйкес, тараптар қарыз алушылардың банктер алдындағы міндеттемелерін орындауы кезінде мәселелерді шешу үшін күш-жігерлерін жұмылдыру қажеттілігін сезіне отырып, олардың Меморандумда айқындалған талаптарды орындауы кезінде қарыз алушыны/кепіл берушіні жалғыз баспанасынан шығаруға жол бермеу бойынша шаралар қабылдайтын болады», - делінген хабарламада.
Тараптар арасындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын, өзара қарым-қатынастардың этикалық нормаларын сақтау, Меморандум талаптарын адал орындау қағидаттарына негізделеді және жүзеге асырылады.
Меморандум шегінде қарыз алушы тарапынан банк алдындағы міндеттемелерін орындаудың өзара тиімді талаптарын айқындау мақсатында сындарлы диалогқа қол жеткізу болжанады. Банктер Меморандумда көзделген шараларды іске асыру мақсатында қарыз алушыны/кепіл берушіні жалғыз баспанасынан шығаруды тоқтата тұрады.
Проблемалық қарыз алушылардың мәселелерін шешу жөніндегі жұмысқа ҚР Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарын, жергілікті атқарушы органдарды, банктердің филиалдарын тарту Меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық нысандарының бірі болып табылады. Осыған байланысты, Меморандумда оған жергілікті атқарушы органдардың және өзге де мүдделі тұлғалардың қосылу мүмкіндігі көзделеді.
Меморандум жария етілген күннен бастап қарыз алушылар үш ай ішінде осы Меморандум шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру және банкпен сындарлы диалогты орнату үшін банкке хабарлауы және баруы тиіс.
Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қол қойылған күннен бастап 12 ай бүкіл республика аумағында қолданылады.