Бұл туралы бүгін forum.profinance.kz сайтында өткен онлайн-конференция барысында аталған банк төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.
Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің декреттік төлем көлемін қысқартуға қатысты жаңалығына жеке пікірі сұралған сауалға жауап берген Г.Марченко: «Қазақстанның орталық банкі жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлеріне қосымша қаржы төлейтіндігін» атап өтті.