Бұл қаулымен 2016 жылғы 29 желтоқсаннан бастап «Delta Bank» АҚ-қа (бұдан әрі - Банк) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банк шоттарын ашуды қайта жүзеге асыруға рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
Қаулы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 23-тармағының 31) тармақшасы негізінде, Банктің активтердің сапасын жақсартуға, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіруге бағытталған бірқатар іс-шараларды жүргізуі туралы өтінішін және растайтын құжаттарын қарау қорытындылары бойынша, сондай-ақ Банк акционерлерінің Банктің өтімділігін қолдау және қосымша капиталдандыру бойынша өздеріне қабылдаған міндеттемелерін ескере отырып қабылданды.