Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі
09:36, 22 Тамыз 2023
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 22 тамызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 452,34 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,80 теңге.
21 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,21 теңгеге төмендеп, 452,40 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453– 457 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 453,5 – 457 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,77 – 4,98 аралығында саудаланып жатыр.
Авторы: Бақдәулет Сералы