Ұлттық банк доллардың 16 ақпандағы ресми бағамын жариялады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 16 ақпандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 447, 29 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,02 теңге.

15 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,49 теңгеге қымбаттап, 447, 28 теңге болған.

Ресей валютасы 6,14 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447 – 450 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 448– 452 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5, 9 – 6,15 теңгеге сатып алуға болады.

Астанада көрші ел валютасы 5,9 -6, 6 теңгеден саудаланып жатыр.