Ұлттық банк доллардың 23 қаңтардағы ресми бағамын жариялады
08:56, 23 Қаңтар 2023
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 23 қаңтардағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 462, 55 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,74 теңге.
20 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 26 теңгеге төмендеп, 462, 59 теңге болған.
Ресей валютасы 6,73 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462 – 465 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 461– 464,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6, 35– 6, 65 теңгеге сатып алуға болады.