Ұлттық банк доллардың 27 қаңтардағы ресми бағамын жариялады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 27 қаңтардағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 461,37 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,69 теңге.

26 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 09 теңгеге төмендеп, 461, 31 теңге болған.

Ресей валютасы 6,73 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 460 – 463 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 460– 464 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6, 35– 6,6 теңгеге сатып алуға болады.