Ұлттық банк доллардың теңге бағамына әсерін төмендетуге мүдделі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі доллардың теңге бағамына ықпалын жойып, қор нарығына қатысу мүмкіндігін азайтуға мүдделі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жанат Құрманов Халықаралық валюталық қордың «Аймақтық экономиканың даму перспективалары» зерттеу жобасының таныстырылымында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Банк өкілінің айтуынша, Ұлттың банк теңгенің долларға шаққандағы еркін бағамына араласу процесін азайтып келе жатыр

«Қазіргі саясат сұраныс пен ұсыныс арасын реттеуге бағытталған. Бұл сонымен қатар, Ұлттық банктің алтын валюталық резервін үнемдеуге мүмкіндік бермек. Ең алдымен Ұлттық банктің міндеті - теңгені тұрақтандыру. Бұл саясатты жүзеге асыруда теңгенің долларға шаққандағы бағамын еркін жіберу тиімділігін көрсетпек», - деді Құрманов.

Оның айтуынша, сәуір және мамыр айындағы теңге бағамының құбылмалығының да Ұлттық банкке қатысы жоқ.

«Сыртқы факторларға келсек, бірқатар макроэкономикалық көрсеткіш бар. Олардың кейбірі энергия тасымал бағасына, сауда балансының жағдайы, серіктес елдердің экономикалық ахуалы сияқты сыртқы факторлар да теңге бағамына ықпал етеді. Ресей - Қазақстанның ірі сауда әріптесі. Ресейге салынған санкцияның бізге де салқыны тиеді. Рубльдің 10%-ға төмендеуі теңгенің 3%-ға құнсыздануына әкелді», - деді Жанат Кұрманов.