Ұлттық банк ЕДБ-нің ҚР бейрезиденттерімен жүргізген валюталық операцияларының көлеміне қатысты мәселелерді түсіндіріп берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы уақытта БАҚ-та Ұлттық Банктің ресми статистикасына қатысты, атап айтқанда ЕДБ-нің банкаралық нарықта ҚР бейрезиденттерімен жүргізген валюталық операцияларының көлеміне қатысты сұрақтар жиі туындауда. Осы мәселеге қатысты Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекова түсіндіріп берді.

Ұлттық Банктің ресми статистикасының деректері бойынша, екінші деңгейдегі банктер бейрезиденттерден банкаралық нарықта шетел валютасының көп көлемін нетто сатып алушылар болып табылады. Мәселен, осы жылғы наурызда банктер бейрезиденттерден 5 296 млн. АҚШ долларын сатып алған. Ал іс жүзінде ахуал басқаша және ЕБД бейрезиденттерден валютаны ірі сатып алушылар болып табылмайды, - деп нақтылайды Ә. Молдабекова. Істің мәні - деректерді статистикалық тұрғыдан өңдеуде.

Кейбір екінші деңгейдегі банктер валюталық тәуекелдерді хеджирлей отырып, банкаралық нарықта түрлі орындау мерзімімен қарама-қарсы (сатып алу-сату) валюталық операцияларды жүргізеді, бұл ретте Ұлттық Банктің талаптарына сәйкес орындау мерзімі 2 күнге дейінгі операциялар бойынша ғана есеп береді. Яғни, Ұлттық Банктің ресми статистикасына банктердің бейрезиденттерге шетел валютасын кері сату жөніндегі, орындау мерзімі 2 және одан көп күнді құрайтын операциялар кірмей қалады.

Қазіргі уақытта Ұлттық Банк осындай сәйкессіздіктерді болдырмау үшін ЕДБ-нің есептілігіне қатысты ішкі талаптарға тиісті өзгерістер енгізуде, деп хабарлады Ә. Молдабекова.