Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар сұрақтарына жауап берген Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко осылай мәлім етті.
«Бұл мәселеге қатысты әртүрлі ұсыныстар бар. Олардың барлығы жинақталып та жатыр. Біздің жобамыз да баршылық, өкінішке қарай мен ол туралы айта алмаймын. Дегенмен, бұл жоба 1 шілдеге дейін ҚР Президентіне тапсырылуы тиіс», - дейді Григорий Марченко.
Оның айтуынша, зейнетақы қорларының қаражатын пайдалануға қатысты сарапшылар тарапынан ұсыныстар көп болды. Әсіресе, Дүниежүзілік банктің барлық зейнетақы қорларын біріктіріп, оларда сақталған қаражатты түгелдей шетелге инвестициялау туралы ұсынысы да қоғам арасында үлкен дау туғызды.
«Біз дәл осы ұсынысқа қарсы екенімізді бірнеше мәрте жарияладық. Өйткені, сөзсіз зейнетақы қорларының қаражаты тек қана еліміздің нақты экономикасына жұмыс істеулері шарт. Сондықтан да, біз әлгіндей ұсынысты шынымен қолдамаймыз. Ал соңғы нұсқа қандай болатынын, Мемлекет басшысы қайсысына келісімін беретіні алдағы уақытта белгілі болады. Біздің өз ұсынысымыз, Үкіметтің де ұсыныстары бар, соңғы нұсқа әзірленіп жатыр», - деді ҰБ төрағасы.