Ұлттық банк еліміздің ІЖӨ өсіміне баға берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019-2020 жылдары Қазақстандағы нақты ішкі жалпы өсім баяулайды. Бұл туралы бүгін Алматыда қаржы сарапшыларымен кезекті кездесу барысында ҚР Ұлттық банк Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, В.Тутушкин 2019-2020 жылдары Қазақстандағы нақты ІЖӨ-нің өсуі баяулайтынын айтты.

«Экономикалық өсім бойынша алғышарттар өзгерген жоқ. Ішкі тұтынушылық сұраныстың өсуі экономика өсімінің негізгі қозғаушы күші болмақ. Инвестициялық белсенділіктің оң серпіні, бірінші кезекте, тау-кен өндіру және тұрғын үй құрылысы саласында сақталады. Жалақыларды, зейнетақыларды, жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік шараларды арттыруға жұмсалатын бюджет шығыстарының өсуіне байланысты экономика да 2019- 2020 жылдары болар-болмас оң фискалдық қарқын ықпалынан ынталандырылады. Таза экспорт болжалды кезеңде экспорттың барынша ақырын өсуінен шектелетін болады», - деді ол.