Ұттық банк мамандарының бағалауы бойынша, елдегі іскерлік белсенділіктің индексі қыркүйек айында сәл төмендеген. Тамыз айында аталмыш индекс 50,2 болса, қыркүйекте 49,8 болып отыр.
«Бұған құрылыс секторында көрсеткіштердің тамыздағы 51,9-тен 49,3-ке, қызмет көрсету секторында 50,7-ден 49,1-ге дейін төмендеуі әсер етті. Құрылыс секторындағы индекстің нашарлауына іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтудың, ал қызмет көрсету саласында – жаңа тапсырыстар мен жұмыспен қамтудың бәсеңдеу, сондай-ақ жеткізу мерзімдерінің ұлғаюы себеп болды», - деп жазады Ұлттық банктің департамент директоры.
Сарапшының айтуына қарағанда, өнеркәсіп саласында жаңа тапсырыстар мен жұмыспен қамту деңгейі көтеріліп, соның себеінен іскерлік белсенділік индексі тамыздағы 49,1-ден 50,9-ға дейін жақсарған.
Аймақтар арасында қыркүйекте 10 өңірде іскерлік белсенділіктің жақсарса, 7 өңірде нашарлаған. Неғұрлым жоғары деңгей Түркістан (54,9) мен Шығыс Қазақстан (53,8) облыстарында, ең төмен деңгейі – Қызылорда облысында (40,2) байқалып отыр.
«Қыркүйек айында респонденттер елде бизнес жүргізу ісінің нашарлағанын атап өтті. Қазіргі бизнес-жағдайларды бағалау бойынша жауаптар теңгерімі «-1» шамасында белгіленді. Ал тамызда « 1,7» болған. Барлық секторлардағы кәсіпорындар өнімге/қызметке сұраныс бар екенін атады. Коммуникациялар мен кредиттерге қолжетімділікті оң бағаланды. Ал салық жүктемесі мен бизнесті қорғау мәселелері тамыздағы сияқты теріс бағаланды», - дейді Жандос Шаймарданов.