«Ұлттық банк өзінің Қор биржасындағы қатысу үлесін азайтады. Егер бұған дейін үлес 51 пайыздан кем болмаған болса, қазіргі таңда біз бұны 25 пайызға дейін төмендетуге ниеттіміз», - деді Қ. Келімбетов. Оның айтуынша, бұндай қадам негізінен қазақстандық қор биржасының акционерлігіне стратегиялық инвесторларды тарту мақсатында жасалмақ. «Яғни, Қордың технологиялық толыққандылығын көтергіміз келеді», - деді Бас банкир.