Монета бетінің (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазу жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуы бар.
Монетаның екінші бетінде (реверсінде) Қажымұқан Мұңайтпасұлының суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін 150 JYL деген жазу, оң жағында күрес өнерінің фрагменті мен монетаның шыққан жылын білдіретін «2021» деген жазу, сол жағына қарай монетаны айналдыра QAJYMUQAN MUŃAITPASULY деген жазу орналасқан.
Коллекциялық монета МН25 мельхиор құймасынан, салмағы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы – 15 000 дана болып дайындалды.
Монета коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар Қазақстан Республикасының аумағында барлық төлем түрінде номиналды құны бойынша қабылдауға жатады, сондай-ақ монеталарды банк шоттарына салып, аударым жасауға, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде айырбастап, ұсақтауға болады.
Коллекциялық монета Қазақстанның теңге сарайында жасалған.