«ҚР Ұлттық банкі жақында ғана қор нарығын қайта шығарудың қажеттігі туралы айтқан болатын. Бұған сәйкес, нақты секторды қаржыландыруды банктік кердиттер көмегімен ғана емес, қор нарығында шығарылатын борыштық құралдар көмегімен де қамтамасыз ету үшін балама алаңдар құрылатыны қарастырылып отыр. Қазірдің өзінде біз қор нарығына қаражат тартатын кәсіпорындардың белсенді түрде айтарлықтай жанданғанын байқап отырмыз. Осыған байланысты қысқа мерзімдік облигациялар шығару жоспарланады. Ең бастысы біз бұндай құралдарға қызығатын және оны қажет ететін инвесторлардың белсенділігін де көріп отырмыз», дейді Д. Ақышев.
Сонымен қатар, ҰБ басшысы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты жүктелген тапсырмалардың орындалатынына да тоқталып өтті.