Ұлттық банк құрылымында Қаржылық қызмет тұтынушылардың құқығын қорғау комитетін құру мәселесі қаралуда

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі құрылымында Қаржылық қызмет тұтынушылардың құқығын қорғау комитетін құру мәселесі қаралуда.

Бұл туралы бүгін елордада өткен «дөңгелек үстел» барысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Ақышев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, бұл қаржы нарығының және заманауи технологиялардың қарқынды дамуын ескере отырып, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын күшейту үшін аса қажет.

«Қазіргі уақытта үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ұлттық банк құрылымында жеке бөілмше - Қаржылық қызмет тұтынушылардың құқығын қорғау комитетін құру мәселесі қаралуда», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, аталған комитет Қаржылық қадағалау комитетін жанындағы департаменттің базасында құрылуы мүмкін. Дегенмен қазіргі уақытта нақты шешім қабылданған жоқ.