«Жалпы алғанда ҚР Ұлттық банкі мемлекеттік бағдарламаларға 2,3 трлн теңге қаражат бөледі. Бұл қаржыландыру дағдарысқа қарсы пакеттің 50 пайызын құрап отыр. Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыруды жалғастырып келеді», - деді Ақылжан Баймағамбетов «Коронавирус пандемиясы кезінде қаржылық сектордың дамуы» атты дөңгелек үстелде.
Оның айтуынша, қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын қаржыландыру 400 млрд теңгеден 1 трлн теңгеге дейін өсті.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік субьектілерінің жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасына 800 млрд теңге жұмсалды.
«2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» аясында ҚР Ұлттық банкі республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа қосымша 600 млрд теңге қарастырды.
Ал «Нұрлы жер» және «5-10-20» бағдарламалары аясында 390 млрд теңге бөлінген.