«Геосаяси тәуекелдердің іске асуы және АҚШ Федералды резерв жүйесінің монетарлық саясатын күшейту әлемдік қор индекстерін түзетуге әкелді. Наурыздың соңына қарай дамыған елдер акцияларының индексі 5,5%-ға төмендеп, АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілігі 2,34%-ға дейін 83 базистік тармаққа өсті. Инфляциялық қысымның өсуіне байланысты Федералды резерв жүйесі 2018 жылғы желтоқсаннан бастап алғаш рет негізгі ставканы 25 базистік тармаққа көтерді», - деді Ұлттық банк төрағасы бүгінгі Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, биыл негізгі ставка 1,9%-ға дейін 7 рет көтерілуі күтілуде, келесі жылы 2,8%-ға дейін 4 рет көтерілуі мүмкін.
Сондай-ақ, Федералды резерв жүйесі жақын арада өз балансын қысқарта бастайды.
«Геосаяси жағдайдың нашарлауынан және монетарлық саясаттың күшеюінен инвесторлардың қорғаушы активтерге ауысуы байқалады. АҚШ долларының индексі дамыған елдердің валюталарына қарсы 2,8%-ға нығайды. Тауар жеткізілімінің бұзылуы, инфляцияның күшеюі мен геосаяси шиеленіс себебінен Global Composite PMI индексі наурызда 52,7-ге дейін баяулады», - деді Ғ. Пірматов.