Ұлттық банк пен Ұлттық қор активтерінің сомасы 88,8 млрд. долларды құрады - Г.Марченко

АЛМАТЫ. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Ұлттық банк пен Ұлттық қор активтерінің жиынтық сомасы 88,8 млрд. долларды құрады.

Бұл туралы бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.

«Осыдан екі ай бұрын «әпенді» сарапшылар Ұлттық банктің бекітуімен олар валютаны Ұлттық қорға сатады деп айтыпты. Бұл дұрыс емес. Ұлттық банк Ұлттық қорға валюта сата алмайды. Бізде түсімдердің бір бөлігі Ұлттық қорға теңгемен құйылатындығын айттық. Өйткені Ұлттық қор толығымен шетелде инвестицияланады. Яғни Ұлттық қордың теңгелік бөлігін валютаға айырбастау қажет. Біз соны жүзеге асырамыз. Өткен жылы біз 2,5 млрд. теңгеден астам долларды айырбастасақ, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 1,5 млрд. доллардан асып түседі. Осылай жасай беретін боламыз. Сондықтан да Ұлттық банк мен Ұлтты қор активтеріне жеке-жеке қарамай, сомасына қарау қажет», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл сома жыл басынан бері өсіп, қазіргі уқаытта 88,8 млрд. АҚШ долларын құраған.