Ұлттық банк: Шетел валютасындағы депозиттер көлемі азайды
«Мұндай серпін ұлттық валютадағы депозиттер ұлғайған кезде (0,3%-ға) шетел валютасындағы депозиттер көлемінің азаюына (11,5%-ға) байланысты болды. Нәтижесінде, депозиттердің долларлану деңгейі 2016 жылғы желтоқсандағы 54,6%-дан 2017 жылғы ақпанда 51,5%-ға дейін төмендеді. Заңды тұлғалардың валюта салымдарының үлесі жыл басынан 49,1%-дан 45,8%-ға дейін, жеке тұлғалардікі 62,0%-дан 58,8%-ға дейін төмендеді», делінген хабарламада.
Ұлттық банктің мәліметтеріне қарағанда, төл валютадағы депозиттердің өсуіне жеке тұлғалар депозиттерінің көбеюі әсер еткен.
«Олар жыл басынан 4,1%-ға немесе 121,3 млрд. теңгеге ұлғайды. Шетел валютасындағы депозиттер теңгенің нығаюы нәтижесінде қайта бағалау есебінен де (қаңтар-ақпанда 6,2%-ға), нақты әкетілуі есебінен де (5,7%-ға) төмендеді», делінген хабарламада.