Қатысушылар тапсыратын өтінім 2021 жылғы 20 қазаннан 20 желтоқсанға дейін қабылданады
Үміткерлер келесі талаптарға сәйкес болуға тиіс:
- Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша соңғы курсында оқу;
- Үлгерімнің орташа балы (GPA) – кемінде 3.0 (білімді бағалаудың 4 балдық жүйесі кезінде) немесе кемінде 4.0 (білімді бағалаудың 5 балдық жүйесі кезінде).
- Іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттар керек:
- Тіркеу формасы;
- Жоғары оқу орынның басшылығынан немесе жоғары оқу орынның факультет басшылығынан ұсыным хат;
- Үлгерімнің орташа балын (GPA) көрсете отырып, өткен пәндер мен олар бойынша бағалар (транскрипт) көрсетілген құжат;
- Оқу орыннан студенттің жоғары оқу орнында оқитынын растайтын анықтама;
Қосымша келесі құжаттар да ұсынылуы мүмкін:
- Шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттардың көшірмелері (IELTS, TOEFL және т.б.);
- Сертификаттардың, грамоталардың, дипломдардың және т.б. көшірмелері.
- Бүкіл құжатты мына электрондық поштаға жіберу қажет: nargiz.kurmangozhayeva@nationalbank.kz.
- Өндірістік тәжірибе кезінде Ұлттық банктің барлық қызмет бағытынан өтуге болады.
- Студенттер өздері алған теориялық білімді өндірістік тәжірибеде бекітуге және дипломдық/магистрлік жұмыстарды жазуға қажетті материалдарды жинақтауға мүмкіндік алады.
- Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өндірістік тәжірибе офлайн режимде де, қашықтан да өтуі мүмкін.