«Сұлтан Бейбарыс» монетасы. Бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы Елтаңбасының алтын жалатылған бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «100 TENGE» деген жазу, ат үстінде шауып бара жатқан жауынгердің бейнесі, Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі және соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек және мемлекеттік тілде «Қазақстан Ұлттық банкі» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазуы бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде шығыс стиліндегі ғимараттардың стильдендірілген бейнелерінен жасалған коллаждың және шайқасып жатқан жауынгерлердің аясында атқа мінген ұлы қолбасшы Сұлтан Бейбарыстың бейнесі бейнеленген. Айналдыра шығыңқы жиек және ағылшын тілінде «SULTAN BAYBARS» деген жазу, қолбасшының өмір сүрген жылдарын білдіретін «1223-1277» деген сандар, монета дайындалған металды, оның сынамасын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g.» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.
Қыры - бедерлі.
Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм дайындау сапасы - «proof» ең көп таралымы - 15 мың дана.
«Тамғалы Петроглифтері» монетасы (салмағы 24 грамм). Монетаның пішіні төрт қырлы. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде жылтыр бетінде «сүргішті мөрмен» көмкерілген Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және мемлекеттік тілде «Қазақстан Ұлттық банкі» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазулар бар. Монетаны айналдыра, стильдендірілген тас бетінде Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері салынған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және Қазақстан Теңге срайының тауар белгісі бар. Монетаның төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы жағында монета дайындалған металл мен оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан, монетаның массасын білдіретін «24g» деген жазу бар.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде тастағы жарықшақты тесіп өскен гүлмен бірге «Көк тәңірі» петроглифә бейнеленген. Бояу баспасы жоқ монетада гүлдің бейнесі алтындатылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ТАМҒАЛЫ ПЕТРОГЛИФТЕРІ» және ағылшын тілінде «PETROGLYPHA OF TAMGALY» деген жазулар ойып жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.
Қыры - тегіс, бедерленбеген және жазбалары жоқ.
Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 24 грамм, диаметрі - 31,0 х 31,2 мм., дайындау сапасы - «proof» , таралымы - 5 мың дана.
«Тамғалы Петроглифтері» монетасы (салмағы 50 грамм). Монетаның пішіні төрт қырлы. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде жылтыр бетінде «сүргішті мөрмен» көмкерілген Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және мемлекеттік тілде «Қазақстан Ұлттық банкі» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазулар бар.Монетаны айналдыра, стильдендірілген тас бетінде Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері салынған, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің логотипі және Қазақстан Теңге срайының тауар белгісі бар. Монетаның төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы жағында монета дайындалған металл мен оның сынамасын білдіретін «Ag 925» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан, монетаның массасын білдіретін «50g» деген жазу, Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің ресми эмблемасы бар.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде тастағы жарықшақты тесіп өскен гүлмен бірге «Көк тәңірі» петроглифә бейнеленген. Бояу баспасы жоқ монетада гүлдің бейнесі алтындатылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ТАМҒАЛЫ ПЕТРОГЛИФТЕРІ» және ағылшын тілінде «PETROGLYPHA OF TAMGALY» деген жазулар ойып жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.
Қыры - тегіс, бедерленбеген және жазбалары жоқ.
Монеталар 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы 50 грамм, диаметрі - 40,1 х 40,4 мм., дайындау сапасы - «proof» , таралымы - 5 мың дана.
«Ақ дегелек» монетасы. Бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бейнесі, монета дайындалған металды, оның сынамасын және салмағын білдіретін «Ag 925 24g.» деген жазу, ұлттық ою-өрнектің екі элементінің бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «100 TENGE» деген жазу және Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «Қазақстан Ұлттық банкі» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген жазу және шығыңқы жиек бар. Жазулар мен сандар нүктелермен бөлінген.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортасында өзіне тән тіршілік ету ортасы - батпақты жердің аясында алтын жалатылған Ақ дегелектің бейнесі орналасқан. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «АҚ ДЕГЕЛЕК», түрдің латынша аты «CICONIA CICONIA» деген жазу және шығыңқы жиек бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.
Қыры - бедерлі.
Монета 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы - 24 грамм, сопақша 38,61 х 28,81 мм., дайындау сапасы- «proof» ең көп таралымы - 15 мың дана.