Ұлттық банк Telegram-да ресми арнасын іске қосты

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстан Ұлттық банкі Telegram мессенджерінде ресми арнасын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық банктің Telegram мессенджеріндегі ресми арнасына жазылып, өзекті жаңалықтарды қадағалаңыздар», - делінген хабарламада.

ҚР ҰБ-ның қызметі туралы ақпаратты сондай-ақ Ұлттық банктің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары және арналары арқылы; FacebookTwitter, Instagram, YouTube, сондай-ақ  AppStore мен GooglePlay-да NBK Online мобильдік қосымшасы арқылы алуға болады.