2016 жылдың қорытындысы бойынша, екінші деңгейлі банктердегі доллармен сақталған депозиттердің үлесі 54,6 пайызды құраған. Депозиттердің құрылымындағы заңды тұлғалардың үлесі 62 пайыздан 49 пайызға дейін азайған.
2016 жылы теңгемен сақталған депозиттердің саны 66,4 пайызға дейін көбейіп, 3,3 трлн теңгеге жетті. Теңгемен сақталған депозиттердің өсіміне ұлттық валютада сақталған ақшаның өсімі, сондай-ақ, ішкі валюталық нарықтағы жағдайдың тұрақтылығы ықпал еткен.
2016 жылы теңге долларға шаққанда 2,0 пайызға, еуроға шаққанда, 5,1 пайызға нығайған. Ұлттық банктің саясаты бұдан былай да ұлттық валютаның тартымдылығын арттыруға және теңгемен сақталған депозиттердің өсімін арттыруға бағытталады.