«Алдағы 2 айда инфляция белгіленген 6-8% дәлізге жетіп, 2017 жыл бойы дәліз ішінде болады», - деді Д.Ақышев.
Ұлттық банк төрағасы атап өткендей, Қазақстанның экономикасы айырбастау бағамының жаңа талаптарына бейімделген.
«Жылдық инфляция бір таңбалы мәнге дейін төмендеді. Соған сәйкес 2016 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша инфляция 1,2%, ал жыл басынан - 7,5% деңгейінде қалыптасты»,-деді Д.Ақышев.
Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысынла Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттің атқарылу қорытындысы баяндалды.