Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты.
Оның айтуынша, 2013 стратегиялық инфрақұрылымдық нысандарды жекешелендірумен байланысты заңдық аспектілерді шешу жылы болды.
«Менің ойымша, келесі жылдан бастап проблема өзгереді. Жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары болмайды, біз оларды «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-мен алмастырамыз. Бірқатар стратегиялық активтерді мемлекет бақылауынан шығарып алу қаупі төмендейді», - деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қ. Келімбетов.
«Сондықтан да, біз келесі жылдан бастап Үкіметпен бірге осы бағдарламаны [Халықтық IPO] белсені түрде жүзеге асыруға кірісеміз. Кезекте KEGOC тұр», - деді Қ. Келімбетов halyk-ipo.kz порталының сауалына берген жауабында.