«Бағам белгілеудің іргелі драйверлері - мұнай бағасы мен Ресей рублінің бағамы жеткілікті түрде қолайлы қалыптасуда. Мысалы, Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы шамамен 65 АҚШ долларын құрайды. Рубльдің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы мөлшерлеменің артуын күтуге қатысты Федералды резервтік жүйе риторикасының жеңілдеуі аясында қалыпқа келгенін көрсетті. Базалық мөлшерлеме бойынша өткен жолғы шешімнен кейін теңге бағамы 373,56 - 382,74 диапазон аралығында ауытқыды», - деді Әлия Молдабекова.
Департамент басшысы ақша нарығындағы ахуал өтімділіктің құрылымдық профицитімен сипатталғанын атап өтті.
«Ақша-кредит саясаты операциялары бойынша ашық позиция шамамен 4 трлн теңгені құрап, ұлғайды. 2019 жылғы 18 ақпанда ашық нарығы операцияларының құралы ретінде депозиттік аукцион енгізілді. Бір мезгілде 7 күндік айналыс мерзімімен қысқа мерзімді ноттар шығарылымы тоқтатылды», - деді ол.