Ұлттық банк жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк 25 маусым мен 3 шілде аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолуын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3 шілдедегі сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің нарықтағы бағамы АҚШ доллары үшін 424,99 теңге болып қалыптасты, осылайша бір аптада 0,5% (426,94-тен) нығайды.

«25 маусым мен 3 шілде аралығында сыртқы валюталық нарықта дамушы елдердегі валюталардың қарқыны жан-жақты болды. Азия елдерінде карантиннің күшеюіне байланысты әлем экономикасына Covid-19 вирусының жаңа штамы әсер етеді деген қауіп те арта түсті. Халықаралық валюта қоры АҚШ-тың экономикалық көрсеткіштерін бағалай отырып, АҚШ-тың федералды резервтік жүйесі 2022 жылдың соңына қарай ставка ұлғая бастайды деген болжам жасады. Маусым айындағы АҚШ-тың еңбек нарығы туралы мәліметтері инвесторлар арасында аралас реакция тудырды, жұмыс орындарының саны болжамнан асты (+850 мың), алайда, жұмыссыздық деңгейі 5,9% дейін өсті», делінген.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының қарқыны АҚШ долларына қатысты төмендегідей қалыптасты:

Түрік лирасы ОБ шетелдік валютадағы депозиттер бойынша нормативтік резервті талаптарды 200 б.к дейін қатаңдатуына байланысты (19%-дан 21%) 0,9% нығайды ( 8,77-ден 8,69-ға дейін);

Мексика песосы 0,3% нығайды (19,82-ден 19,77-ге дейін). ОБ өкілі хабарлағандай, 2021 жылдың соңына дейін инфляция 5%-ға дейін баяуламаса, реттеуші ставканы одан сайын көбейту мүмкіндігін қарастырады;

Үндістанның рупиі елде Covid-19 вирусының таралуына байланысты сауда орталықтарының жұмысына уақытша шектеу қойылады деген ақпаратқа байланысты 0,7% әлсіреді (14 425-тен 14 553-ке дейін);

Оңтүстікафрикалық ранд ДН-дың бірқатар елінде (Бразилия, Мексика мен Ресей) бірқатар өсім болғанына қарамастан, реттеуші негізгі ставканы өзгеріссіз қалдырады деген инвесторлардың болжамына орай қор мен қарыз нарығынан капиталдың кетуіне байланысты 0,7% әлсіреді (14,15-тен 14,25-ке дейін);

Ресей рублі салық төлемдері төленіп біткен соң және ЕО тарапынан болып жатқан санкция қатерніне байланысты 1,5% әлсіреді (72,06-дан 73,14-ке дейін);

бразилиялық реал ел президентіне вакцина сатып алған кездегі жемқорлыққа байланысты тергеуде немқұрайлылық танытты деген айып тағылған соң, 2,6% әлсіреді (4,93-тен 5,06-ға дейін).