«WhatsАрp пен в Facebook мессенджерлерінде тарап жатқан жаңа 10 мың теңгелік банкноттың шыққаны туралы ақпарат жалған», - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде күлгін түсті 10 мың теңгелік ақшаның суреті таралып жатыр. Оның бір жағында бүркіт, екінші жағында Астанадағы «Нұр Әлем» сферасы бейнеленген. Купюрадағы жазулар латын қарпінде басылған.