Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті. Мәжілісмендер «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 2016 жылғы қазанның соңында 30,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Жыл басынан бастап 2,7 млрд. долларға өсті»,-деді Данияр Ақышев.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері бір айда 3,6%-ға төмендеп (оның ішінде валюталық биржада 544,3 млн. АҚШ доллары сомасына конвертациялау операцияларын жүргізу есебінен), жедел деректер бойынша 62,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Елдің халықаралық резервтерінің жалпы сомасы 92,8 млрд. АҚШ долларға жетті.