АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 474- 479 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz дерегінше, елордада 1 доллар 475 – 479 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 474– 477,5 теңге аралығында құбылып тұр.
15 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 0, 76 теңгеге қымбаттап, 474, 60 теңге болды.
Ұлттық банктің 16 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 474, 19 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35 – 7,55 теңге аралығында ұсынылып отыр.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.