Ұлттық банктің орталық филиалына коллекциялық шақалар келіп түсті

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Ұлттық банктің Астанадағы орталық филиалына «OLУMPIC GAMES 2010», «Ежелгі қорған қазыналары. Берел қорғаны» сериясынан - «Жыртқыш пен бұғы» және «Жалаулы көмбесі» коллекциялық шақалары келіп түсті.

Соңғы екеуінің  номиналы - 50 және 100 теңгелік,  деп      хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалаулы көмбесі»   шақалары  999/1000 сынамалы, «proof» сапалы    алтыннан    жасалған,  салмақтары - 0,5  және  1,24 грамм. Олардың   ішіндегі  үлкенінің  құны - 8500 теңге, кішісінің  құны -  4 500 теңге.  «Жыртқыш  пен   бұғы»  шақасы  да осы сынамадан  жасалған,   құны да  осындай.

«OLУMPIC GAMES 2010»   шақасы  925  сынамалы   күмістен    жасалған,    массасы - 31,1   грамм,   диаметрі - 38,61 мм.