Ұлттық банктің таза халықаралық резерві 27,7 млрд. АҚШ долларын құрады
11:36, 18 Қаңтар 2011
АНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ұлттық банктің таза халықаралық резерві 27,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов мәлім етті.
Оның атап өтуінше, өткен жылы валюта нарығындағы жағдай тұрақтылығын сақтап, жыл соңына қарай биржалық курс 1 долларға 147,5 теңгені құрады. Жалпы алғанда өткен жылы номиналды түрде АҚШ доллары теңгеге 0,6 пайызға нығайды.
«Ұлттық банктің таза халықаралық резерві 27,7 млрд. АҚШ долларын құрады, яғни жыл басынан бергі өсім 24 пайызға тең», - деді ол.
Сонымен қатар Б.Тәжіяқовтың айтуына қарағанда, еліміздің халықаралық қоры 30,6 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетелдік валютадағы Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда шамамен 59 млрд. АҚШ долларын құрады.