Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер Т.Сүлейменовке базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойды.
«Бір күрделі мәселе бар, яғни инфляция экономикадағы ең қауіпті процесс десек болады. Сондықтан оны төмендету міндеті тұр. Атап айтқанда, бұл бағытта тиісті жағдай жасалса, онда мөлшерлемені төмендетуге мүмкін болады», - деді Т. Сүлейменов.
Бұл тұрғыда ҰБ төрағасы бірнеше аптадан кейін осы тақырыпқа қатысты тілшілерге арнап баспасөз мәслихатын өткізетінін айтты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банктің төрағасы лауазымына Тимур Сүлейменовтің кандидатурасы мақұлданды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Пірматов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылған еді.
Еске салсақ, биыл тамыз айның аяғында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% дейін төмендету туралы шешім қабылдады.