Соңғы мәліметтерге сәйкес, биыл 4042 түлек мектеп бітірсе, соның ішінде «Алтын белгіге» үміткер 143 бала тестілеуге қатысады, қалған 454-і өз еркімен тест тапсырудан бас тартты.
ҰБТ тапсыру уақыты жақындағанда бұл көрсеткіш азаюы мүмкін, өйткені, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларына қатысқан оқушылар ҰБТ тапсыратындардың мәліметтер базасына енгізілмейді, деп хабарлады www.astana.gov.kz .
Ведомствоның хабарлауынша, мектеп бітірген соң оқушылардың 94%-ы ЖОО-ға түсуді, қалғаны колледждер мен курстарды бітіруді, ал басқалары жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Еске салайық, Ұлттық бірыңғай тестілеу алғаш рет 2004 жылы өткізілді. Содан бері оған 1,3 млн-нан астам түлек қатысқан. Қазіргі кезде оқушылар кем дегенде 50 балл, ал ұлттық ЖОО-ға түсу үшін 70 балл (қазақ мектептері үшін орыс тілі және орыс мектептері үшін қазақ тілі пәні ескерілмейді) жинау керек.
Бүгінде еліміздің түлектері маусым айының алғашқы күндерінде өтетін тестілеуге дайындалып жатыр.