Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған мәлім етті.
«Жалпы білім беретін мектептерге арналған типтік бағдарламалар мен оқулықтар сараптамадан өткізілді және жаңартылды. Байқасаңыздар, биылғы өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде тарихқа деген өкпе-наз естілмеді»,-деді ол.
Сонымен қатар Б. Аяған Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес зерттеу әдістемесі мен методологиясын жаңғырту міндеттері жүктелген оқу-әдістемелік орталықтары ашылғанын айта келе, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде азиялық номадтық өркениетті зерттеу орталығының жұмысы жолға қойылғандығын жеткізді.