ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиевтың айтуынша, тест тапсырмаларын жыл сайын жаңарту міндеті аясында биыл логикалық есептер математика пәніне енгізіліп отыр. «Негізі, тест тапсырмалары жыл сайын жаңартылып отырады. Бүгінде осы жұмыс аясында біз логикалық тапсырмаларды, яғни жастардың ойлау қабілетін дамытатын тапсырмаларды жасап, енгізіп жатырмыз. Әзірше, ондай тапсырмалар тек математика пәні бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуге ғана енді. Басқа пәндерге ол кейінірек қосылатын болады», - дейді ол.
16:42, 19 Наурыз 2012
Ұлттық бірыңғай тестілеуге логикалық тапсырмалар енгізілді
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге логикалық тапсырмалар енгізілді.