«Біз ұлттық бірыңғай тестілеудің тек мазмұндық жағын ғана жетілдіретін боламыз. Оның сапасын барынша арттыруға тырысамыз. Ал форма жағынан ешбір өзгеріс болмайды», - деді министр.
16:35, 16 Ақпан 2012
Ұлттық бірыңғай тестілеуге өзгеріс енгізілмейді - министр Б.Жұмағұлов
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тестілеуге қадай да бір өзгерістер енгізілмейді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен ғылыми кеңес аясында журналистерге сұхбат берген ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.