«Қолда бар есептеулерге сәйкес аталған бағдарламаның арқасында тікелей ішкі инвестициялардың өсімі шамамен 750 млн. долларды құрайтын болады және шамамен 15 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Ең өнімділігі 20-50 пайызға дейін артатын болады», - деді ол.
Вице-министрдің атап өтуінше, аталған бағдарлама экономиканың белгілі бір саласындағы нақты компанияны ірікеп алу арқылы оған мақсатты көмек көрсету арқылы экономиканы әртараптандыруды болжайды.
«Яғни, біз рет-ретімен барынша бәсекеге қабілетті, болашағы қуатты компанияларды іріктеп алып, кейіннен олардан ұлттық чемпиондар өсіріп щығару үшін белгілі бір мемлекеттік қолдау топтамаларын көрсететін боламыз», - деді Т.Жақсылықов.