Жаңадан ашылған сайт қазақ халқының дәстүрлері мен тарихына қатысты деректерді насихаттауды мақсат етіп отыр. Сайттың ұйымдастырушысы әрі бас редакторы - Қазақ ұлттық салт-дәстүр академиясының академигі, ақын Қасымхан Бегманов. Естеріңізге сала кетейік, Қ.Бегмановтың басшылығымен осы уақытқа дейін «Дәстүр» журналы шығып келеді. Жоғарыда аталған сайт журналдың электронды нұсқасы болып табылады.
Сайтпен мына сілтеме арқылы танысып көруіңізге болады.