Ұлттық экономика министрі өңір әкімдеріне делдалдық схемаларды тексеруді ұсынды
Министр Үкімет отырысында орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынды. Олар:
1.Сауда үстемелерін тиімді бақылау және делдалдық схемаларды тексеру арқылы азық-түлік тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
2. Қажетті логистикалық жағдайларды қамтамасыз ете отырып, егін жинау бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу;
3. Инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру және оларды барлық деңгейлерде жүйелі қолдау;
4. Қазақстан экспортының үздіксіз жеткізілуіне, оның ішінде баламалы көлік бағыттары арқылы жеткізілуіне жәрдемдесу;
5. Туындаған сауалдарға уақтылы ден қоюды қамтамасыз ете отырып, қолданыстағы құралдар шеңберінде бизнеске кешенді қолдау көрсету.
«Жоғарыда аталған шараларды толықтай іске асыру еліміздің экономикасының өсуін жеделдетуге мүмкіндік береді, - деді Әлібек Қуантыров.