Сүлейменов министр болып тағайындалғанына қуанышты екенін және ведомствоны басқару үшін өзін тым жас деп есептемейтінін айта келе, өзі сияқты 17 жылдық еңбек тәжірибесі бар маманды жастар санатына қосу қисынсыз болып табылатынын жеткізді.
«Барлығы адамның өзіне байланысты. Бір жағынан алып қарағанда тәжірибе де, идеялардың жасампаздығы бар. Шамамен осы жастағы министрлердің барлығы Тәуелсіз Қазақстан жағдайында тәрбиеленіп, шыңдалды»,-деп тоқталды ол.
Сонымен қатар тілшілер жаңа министрден оның алдындағы екі ведомство басшылары лауазымдарынан жанжалмен босатылғаны қаншалықты алаңдатанын сұрады.
«Өте қиын сұрақ. Менің ойымша, саған дейін кім болғаны маңызды емес. Қызметте жақсы әрі жауапкершілікпен жұмыс істеу керек. Осы орайда басшылықтың берген тапсырмаларын орындап, қызметкерлерге, қоғамға, азаматтарға қатысты адал болған маңызды. Бұл ұстанымдарды орындаған жағдайда мақсаттар жүзеге асады деген ойдамын»,-деп жауап қайырды министр.
Сонымен қатар журналистердің «бұрынғы министрлер» отырған креслоны ауыстырдыңыз ба?» деген сауалына Сүлейменов: «Креслоны ауыстырғаным жоқ»,-деп жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы желтоқсанның аяғына қарай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
12:49, 18 Қаңтар 2017
Ұлттық экономика министрі Сүлейменов халыққа адал қызмет етуге уәде етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы барысында тілшілердің сауалына жауап берген ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов халық алдында адал қызмет етуге уәде етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.