Агенттіктің ресми сауалына берілген жауапта «Кселл» АҚ мен «Кар-Тел» ЖШС-і (Beeline брендінің меншік иесі) операторларына шағым түскендігі айтылады. Шағымды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қалалық департаменті қарайтын болады.
Мәселені жан-жақты әрі объективті зерделеу үшін монополияға қарсы орган Ұлттық зияткерлік меншік институтына сауал жолдаған.
«Алынған мәліметтер бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР Заңнамасына сәйкестігі бойынша сарапталады және сәйкесінше шешім қабылданады», - делінген жауапта.
Айта кетерлігі, даулы видеоролик әлеуметтік желіде осыдан 2 аптаға жуық уақыт бұрын тараған еді.