Ұлттық экономика министрлігі Facebook-тегі парақшасының бұзылғандығын растады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі ведомствоның Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы бұзылғандығын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұдан бұрынайтылған Facebook әлеуметтік желісіндегі біздің ресми парақшамыздыңбұзылғандығы туралы ақпаратты растаймыз. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің осыпарақшаға және онда орналасқан ақпаратқа ешқандай қатысы жоқ. Жақын арадааталған әлеуметтік желідегі ресми парақшамыздың ашылғандығы туралы сіздерге хабарлаймыз»,- деп атап өтілген ҚР ҰЭМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Белгілі болғандай, ведомствоның ресми парақшасы биылғы 23 мамырдан бері пайдаланылмай келеді.

Осы орайдаминистрліктің ресми ақпаратын https://economy.gov.kz/ сайтынан алуғаболатындығы нақтыланды.

Соныменқататар ведомство мына әлеуметтік желілерде тіркелген:

https://twitter.com/economy_gov_kz

https://www.instagram.com/economy_gov_kz/

https://www.youtube.com/mnerk

https://telegram.org/economy_gov_kz

ҚР Ұлттықэкономика министрлігінің баспасөз хатшысы Шыңғыс Ильясов осы телефон нөмірібойынша байланыста болады:(+77172) 742942.

Соңғы жаңалықтар