Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында төтенше жағдай кезеңінде Қазақстанның мемлекеттік қарызы мен квазимемлекеттік сектор берешегі қаншалықты өскені туралы сұрақ қойылды.
«Бүгінде Қазақстанның мемлекеттік қарызы әлемде ең төменгі деңгейдегілердің қатарына кіреді. 1 сәуірдегі жағдай бойынша оның көлемі жалпы ішкі өнімге шаққанда 25 пайыз шамасында, яғни ол белгіленген параметрде және қауіпсіз деңгейде. Барлық ковенанттар орындалған әрі тиісті нормалар шегі ескерілген», - деді М. Тәкиев онлайн баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол мемлекеттік қарыз жағдайы тиісті бақылауда екенін атап өтті.