«Өңірлердің қазіргі өсім серпінін бағалау үшін көрсеткіштердің жиынтық индексі әзірленді. Бұл индекс өңірлердің даму трендін көрсетеді. Ол 7 көрсеткіш бойынша, атап айтқанда өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, байланыс және инвестициялар салаларының жиынтық өсімі негізінде жасалды», - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.
Ал өңірлердің даму тренді жағынан Солтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласында төмен көрсеткіш байқалады.
«Жыл басынан бері Қазақстанда 1,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл ретте Нұр-Сұлтан (394 мың ш.м.) және Алматы (171 мың ш. м.) қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау облысында (217 мың ш. м.) ең көп тұрғын үй пайдалануға берілгенін атап өту керек», - деді Ұлттық экономика министрі.